Көлгінов елордада енгізілетін қатаң карантинге қатысты пікір білдірді
Көлгінов елордада енгізілетін қатаң карантинге қатысты пікір білдірді
197
оқылды
Нұр-Сұлтан әкімі  Алтай Көлгінов коронавирустың өршуіне байланысты қалада енгізілетін қатаң карантинге қатысты пікір білдірді. 
"Қазір жабық ғимараттарда балалардың ойын алаңдарына қатысты бірқатар шектеу бар.  Кинотеатрларға қатысты шектеу бар. Адамдар көп жиналатын басқа да қоғамдық орындардағы шектеу шаралары жалғасады… Қаланы қазір жабу жоспарда жоқ. Науқастар саны артқан жағдайда қосымша карантиндік шектеу шаралары енгізіледі. Сондықтан санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтап, мұқият болу керек. Сақтансақ, карантинді күшейтудің де қажеті жоқ", - деді Көлгінов  брифингте.