Алматы: Оқушы қызды қорқытқан күдіктінің аула сыпырушы екені анықталды
Алматы: Оқушы қызды қорқытқан күдіктінің аула сыпырушы екені анықталды
233
оқылды

Алматыда №60 мектеп-гимназиясының маңында 12 жастағы оқушы қызды қорқытқан күдіктінің кім екені анықталды.

Бостандық аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, күдікті ұсталды. Бостандық ауданының Полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев: «Қыздың заңды өкілдерінің көзінше 1969 жылғы күдікті анықталды. Ол жергілікті Пәтер иелері кооперативінде аула сыпырушы болып жұмыс істейді. Сол маңдағы үйлердің бірінің жертөлесінде тұрады. Оның айтуынша, таңертең мас күйде дүкенге бара жатқан жолда қызды көріп, оны қорқытпақшы болған. Алдағы уақытта күдіктінің жауабы тексеріледі. Дәлелдер жиналып, нақты шешім шығады», — деді.

Бұған дейін Алматыда мектеп оқушысын қорқытқан ер адамға іздеу жарияланған болатын.