"Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашын біртіндеп тоқтайды және ел аумағында ауа температурасы төмендейді. Тек Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қар жауады. Шығыста онкүндіктің басында қатты қар жауып, жел күшейеді және боран соғады. Кей жерлерде тұман және көктайғақ байқалады", - делінген хабарламада.