Байбек Жезқазғанның жас белсенділерімен кездесу өткізді
Байбек Жезқазғанның жас белсенділерімен кездесу өткізді
238
оқылды
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Жезқазған қаласы мен Ұлытау ауданына барды. Жезқазған қаласында Бауыржан Байбек «Kazakhmys Smelting» мыс қорыту зауытының қызметкерлерімен кездесті. Ол мұнда өндірісте еңбек құқығының сақталуы, жаңа жұмыс орындарын ашу, жалпы қаланың дамуы туралы мәселелерді талқылап, ой бөлісті.  width= Филиал басшылығының айтуынша, пандемия жағдайында өңір экономикасы қалыпты күйде ұсталып, қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатылуына, жастар жұмыссыздығының өсуіне жол берілмеген. Әйтсе де, COVID-19-ға байланысты ахуал еңбек нарығына өз әсерін тигізбей қоймады. Туризм, мәдениет, спорт, қоғамдық тамақтану, көлік және тағы басқа салалар зардап шекті.
«Жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, «Nur Otan» партиясы еңбек нарығының сұранысын ескере келе, жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу, кадрларды қайта даярлау бойынша кешенді шараларды қолға алады. Бұл ретте отандық өндірушілерге қолдау көрсетуге, бәсекеге қабілетті және импортты алмастыратын өнімдер шығаратын жаңа өндіріс орындарын ашуға басымдық беріледі. Бұл міндеттер біздің Жезқазған қаласы бойынша қалалық сайлауалды бағдарламамызда қамтылған. Ол қараша айында халықпен кеңінен талқылау негізінде қабылданған болатын», - деді Бауыржан Байбек.
 width= Билеуші партия Төрағасының бірінші орынбасары сол күні жаңа модульді инфекциялық клиникада қаланың медицина қызметкерлерімен де кездесті.
«Денсаулық сақтау саласындағы түйткілді мәселелерді тыңдадым. Олардың басым бөлігі өңірлік сайлауалды бағдарламаны іске асыру аясында өз шешімін табады. Бұлардың қатарында қалалық көп бейінді ауруханаға күрделі жөндеу жүргізу, жас дәрігерлерге арналған жатақхана және басқа мәселелер бар»,- деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.
 width= Бұдан кейін Бауыржан Байбек өңірдің жас белсенділерімен арнайы кездесу өткізді. Оның айтуынша, бұл жастардың көпшілігі «Nur Otan»-ның өңірлік праймеризінде жеңімпаз болып, қалалық мәслихат сайлауына арналған партиялық тізімге енген. Жалпы, Жезқазған бойынша партиялық тізім 60%-ке жаңарса, ондағы жастардың үлес саны 0-ден 23%-ке өсті. Өңірге сапар барысында «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Ұлытау ауданына да ат басын бұрды.
«Елбасы, партия Лидері Н.Ә. Назарбаев ерекше атап көрсеткендей, Ұлытау – қазақ халқының қасиетті өңірі. Сондықтан тарихи мұраны сақтау және еліміздің аумағы жағынан ең ірі ауданын ары қарай дамыту алдағы 5 жылға арналған партиялық міндеттерде көрініс тапқан»,- деді ол.
 width= Бауыржан Байбек желідегі жазбасында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың өңірге жасаған сапарларының бірінде «Ұлытау – халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығы болуы тиіс», - деген тапсырмасын тілге тиек етті.
«Бүгінде мұнда бірқатар жаңа нысан бой көтеріп, визит-орталық пен стадион салынған, бірнеше саябақ пен аллея абаттандырылған. Өлкетану музейінің, ипподром мен қонақ үйлер құрылысы жүріп жатыр. Сонымен бірге еліміздің орта ғасырлық архитектуралық ескерткіштерінің бірі – Жошы хан кесенесінің реконструкциясымен таныстым. Алтын Орданың 750 жылдығы аясында тарихи-мәдени кешеннің құрылысы жүргізілуде. Оны келесі жылдың желтоқсан айында ашу жоспарланып отыр. Бұл кешен де туристерді қызықтыратын тағы бір ғажайып орынға айналатынына сенімдімін»,- деп түйіндеді ол өз жазбасын.
https://www.youtube.com/watch?v=SZhvWMR7jmE