2019 жылдың 29-30 қараша күндері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойына орай «ӘБІШ ӘЛЕМІ» тақырыбында оқу конгресін өткізеді.
Оқу Конгресінің мақсаты – аса құнды әлеуметтік функцияларға халықты ғылыми, шығармашылық және мәдени қоғамға назарын аудару.Сондай-ақ, Ә.Кекілбайұлының әдебиеті мен шығармашылығын, қазақ әдебиетінің құндылықтарын халықаралық ғылыми-білім беру жүйесінде насихаттау және көпшілікке тарату. Әр түрлі тақырыпта жазылған жазушының шығармаларын жаңа оқуға ынталандыру, жан-жақты талдап, оның сан қырлы талантын түсіндіру, жазушының есімін әлемдік қауымдастыққа танымал ету.
Іс-шара барысында жазушының фотосуреттерінен көрмелер, Кекілбаевтар отбасымен әдеби кездесу, жазушының «Ұйқыдағы арудың оянуы» кітабының желісі бойынша түсіріліген деректі фильм мен Маңғыстау облысы, Форт-Шевченко қаласы, Түпқараған және Шетпе ауылдарының адамдар мен қоғам арасындағы оқиғалар, махаббат, достық және отбасы құндылықтары жайындағы «Шыңырау» фильмі, сондай-ақ, Әбіш Кекілбайұлының 20 томдық кітапарының тұсаукесері өтеді.
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының қазылар алқасының шешімімен 2019 жылы Қазақстандағы жалпы оқуға арналған кітаптардан Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының «Аңыздың ақыры» шығармасы таңдап алынды.
Конгрестің екінші күнінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде орналасқан жазушының кабинетімен танысу, Ұлттық патеонға бару және мәдени ошақтарға экскурсия жасалып, шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің Қазақстан кітапханашыларымен кездесуі мен марпаттау рәсімі өтеді. Сондай-ақ, Фариза Оңғарсынова атындағы медиацентрдің ашылуы өтеді.
Ісшараға зиялы қауым өкілдері мен мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, республика өңірінен келген кітапханашылар қатысады.