«Қазақфильм» киностудиясын жөндейміз – Ақан Сатаев
«Қазақфильм» киностудиясын жөндейміз – Ақан Сатаев
263
оқылды

Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровпен бірге «Қазақфильм» киностудиясында зиялы қауыммен жүздесті. Вице-премьер киностудияның жаңа бағдарламасымен танысты.   [caption id="attachment_93995" align="aligncenter" width="800"]Қазақфильм Фото: Интернеттен алынды[/caption]

«Қазақфильм» президенті Ақан Сатаев мемлекет бөлген қаражатқа келесі жылы құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланғанын айтты. Үш жылда барлық нысандар жөнделеді. Екі ангар салынады, инженерлік желілер жаңартылады.

«Осы жұмыстардың нәтижесінде, біз киностудияны жаңа халықаралық деңгейге, Азия аймағында көшбасшы орынға шыққымыз келеді. Біз алтын мұраны сақтай отырып, алға сапалы қадам жасағымыз келеді. Қала әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілуде», – деді Ақан Сатаев.

Айта кетейік, бұған дейін «Қазақфильмдегі» өрт туралы жазған болатынбыз.