Нұр-Сұлтанда мектепке мүлдем бармаған оқушылар бар
Нұр-Сұлтанда мектепке мүлдем бармаған оқушылар бар
250
оқылды

Елордада үш баласы мектепке мүлдем бармаған отбасы табылды. Мектеп директоры бағдарламадан тым артта қалғандықтан, балаларды қабылдаудан бас тартқан. Бұл туралы Балалардың құқығын қорғау кеңесі төрағасының орынбасары Динара Закиева айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Жақында біз қалада арнайы жұмыс жүргіздік және 11-13 жас аралығындағы үш баласы мектепке ешқашан бармаған отбасын анықтадық. Анасы № 20 мектепке барған, бірақ директор балалар оқу бағдарламасынан өте кеш қалған деп қабылдамаған», - деді Д.Закиева Білім және ғылым министрлігіндегі балалар құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында.

«Ешкім жағдайдың себебін анықтамаған, мәселені бақыламаған. Ол отбасындағы балалар мектепке барғысы келетінін айтты. Анасы балаларын тастап, жұмысқа кетеді. Балалар жағдайдың жоқтығынан мектепке шыға алмай, үйде бірнеше күн отырған», – деді Закиева.