Бірақ «Алтын орда» жобасы кейінірек аяқталады. Осы кезге дейін Ақсай өзеніндегі көпір құрылысы, 3 жерүсті жаяу жүргіншілер көпіріндегі жұмыс аяқталған.
«Негізгі магистраль бойынша қозғалыс биыл жыл соңына дейін ашылады. Жобаны толық аяқтау 2021 жылға жоспарланып отыр», – деп мәлімдеді «ҚазАвтоЖол» өкілдері.
Айта кетейік, Алматыдағы «Алтын Орда» базары маңайындағы құрылыс-монтаж жұмысын «Дәулет-Дорстрой» ЖШС жүргізіп жатыр.