Бағаны үнемі бақылауда ұстау қажет – Асқар Мамин
Бағаны үнемі бақылауда ұстау қажет – Асқар Мамин
217
оқылды

Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Жиында елдің экономикалық ахуал талқыланды.

«11 айда ел экономикасының жақсарғаны байқалып отыр. Өңдеуші өнеркәсіпте 3,3% өсу, оның ішінде, тамақ өнімдерінің өндірісі – 3,6%, фармацевтика – 39,5%, дайын металл бұйымдарының өндірісі – 19,6%, машина жасау – 16,4%, оның ішінде автомобиль жасау – 52,6% және қағаз өнімдері – 14,6%, жеңіл өнеркәсіп 15,5%-ке өскен», – деді Премьер-Министр.

Құрылыс көлемі 12,1%-ке ұлғайған, соның ішінде, пайдалануға берілген тұрғын үй 9,3%-ке, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 5,3%-ке артты. Темір өндіру – 0,6%, өзге пайдалы қазбаларды өндіру көлемі 2,1%-ке көбейді. Жиын соңында Үкімет басшысы мемлекеттік органдардың басшысына бірнеше тапсырма берді.

«Әкімдер әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы мен тарифті тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдасын. Бұл – аса маңызды мәселе және оның әлеуметтік маңызы зор. Бұл бағыттағы жұмысты ұйымдастыру үшін сіздерде барлық қажетті механизмдер бар. Бағаны тұрақтандыру мәселесін үнемі бақылауда ұстау қажет. Әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу және Мемлекет басшысы белгілеп берген міндеттерді тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін барлық өңірлер әкімдері нақты шараларды қабылдауы қажет. Бюджеттің кіріс бөлігі бойынша бекітілген жоспарды жыл соңына дейін 100% орындау қажет. Мемлекеттік органдар мен өңірлер бюджеттен бөлінген қаражатты толық әрі тиімді игеруі тиіс», – дейді Асқар Мамин.