Түлкібас ауданында «Көктал» шаруа қожалығы биыл 2200 тонна алма жинады
Түлкібас ауданында «Көктал» шаруа қожалығы биыл 2200 тонна алма жинады
358
оқылды

Әрине, алма бауды күтіп ұстау оңай дүние емес. Бейнеті шаш етектен. Бұл істің жемісі қалай келерін күнге қақтала жүрген еңбеккерлер ғана білері анық.

   width= Бүгінгі әңгіме осы салада көп жылдар бойы мол және сапалы өнімімен ауданымызда алдынғы қатарлы шаруа қожалықтың бірі «Көктал» шаруа қожалығы туралы өрбімек.

Аталмыш шаруа қожалықтың қарамағында бүгінгі таңда 260 гектар алма бау, 15 гектар қара өрік және 2000 тонна қыс мезгілінде жеміс-жидек сақтайтын қоймасы бар. Биылғы жылы шаруа қожалыққа жемісті жыл болды. Яғни, қожалық 2200 тонна алма және 300 тонна қара өрік жинаған. Өнімділігі әр гектардан алма – 46 центнер, ал қара өрік 200 центнер болды.

   width= Қожалықта алма бау көлемін ұлғайту мақсатында ауқымды жұмыстар атқаруда. Мәселен биылғы жылы 15 гектарға қарқынды бау отырғызып отыр. Сондай-ақ, шаруа қожалық маусым кезінде 150 адамға дейін, ал тұрақты жұмыспен 35 адамға дейін қамтып отыр.    width= Қожалық төрағасы Бейбіт Төлешовтың айтуынша биылғы жылы мол өнімге қол жеткізген. Нәтижесінде кәсіпкер ауданымызда жылдың үздік шаруа қожалығы номинациясын иеленіп отыр.    width= Сонымен қатар, кәсіпкер ауданымызда қайырымдылық шараларға белсенді ат салысуда. Атап айтсақ, жомарт жан биылғы жылдың өзінде пандемияның екінші толқынына дайындық кезінде орталық ауруханаға екі дана жасанды тыныс беру апараты мен бау-бақшасының бір күндік терілген 300 келі алмасын дәрігерлер мен медбикелерге таратқан.