Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады
Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдады
5,131
оқылды
Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады, деп жазады elbasy.kz. Кездесу барысында Б.Байбек Қазақстанның Тұңғыш Президентіне партияның үгіт-насихат жұмыстарына дайындығын және Jas Otan жастар қанатының съезін өткізуге дайындық барысын баяндады. Бұдан басқа Нұрсұлтан Назарбаевқа партия өкілдерінің шалғайдағы елдімекендерге сапары және тұрғындарымен кездесуі жайлы баяндалды.  Сонымен қатар Б.Байбек партияның сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарының толық жоспарын орталық және өңірлік деңгейде таныстырды. 

– Біз  Бюро отырысын және партия съезін өткіздік, 216 өңірлік сайлауалды бағдарламасын бекіттік. Қазір  түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, – деді Елбасы.