Сарбаз сахнасы
Сарбаз сахнасы
492
оқылды

Нұр-Сұлтанда Қазақ­стан Қарулы күштері шығар­ма­шылық ұжымының «Сарбаз сах­насы» жалпы әскери фес­тивалінің қорытынды кон­церті өтті.

Әр өңірден келген 400 әскери қызметші өнерін ортаға салды. Қатысушылар төрт номинация бойынша өзара бақ сынады. Олар: вокал (жеке, ансамбль құра­мында), аспапты ансамбль (үрмелі, соқпалы, фольклорлы), фотограф, суретші, қолөнер шеберлері.

Қатысушылар әскери-пат­риоттық тақырыптағы отан­дық және шетелдік ком­по­зи­­торлардың шығармаларын орындады. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы екі номинация бойынша жеңімпаз атанды. Атап айтқанда, Жасұлан Тәжиев «Вокал» бойынша, «Жаңа ғасыр» фольклорлық-этнографикалық ансамблі аспаптық орындауда же­ңімпаз атанды. Ұжымдық би­шілер арасында Құрлық әс­кер­лері Әскери институтының «Семсер» би тобы жеңімпаз атан­ды. Жеке орындауда І орын­ды Қарулы Күштер қызметкері, Ұлтық қорғаныс университетінен Сәния Жұлдыз иеленді.

Фестивальдің бас жүлде­сін «Оңтүстік» өңірлік қолбас­шы­лығы әскери бөлімінің «Та­лис­ман» би тобы алды. Әр но­­минацияда жеңімпаздар мен бас жүлде иегеріне баға­лы сый­­лықтар, «Сарбаз сах­на­сы­ның» статуэткасы мен диплом табыстады. Гала-концерт пен марапаттау рәсіміне Қорғаныс министрінің бірінші орынбаса-
ры – ҚР ҚК Бас штабының бас­­­тығы генерал-майор Мұ­рат Бек­танов қатысты. Ол қа­ты­су­шыларға сайысқа қатыс­қаны үшін алғыс білдіріп, шығар­ма­шы­лық табыс тіледі.


– Қазақстан Қарулы күштері шығармашылық ұжымының «Сарбаз сахнасы» жалпы әскери фестивалінің басты мақсаты – көркемөнерпаздардың өнерін сараптау. Идеологиялық және мәдени-демалыс жұмыстарының тиімділігін арттыру, талантты әскери қызметшілерді анықтау. Біз қатысушылардың өнеріне тәнті болдық. Өнеріне қолдау көрсеттік, – деді ол.

Шара соңы гала-концертпен аяқ­талды. Дәстүрлі «Сарбаз сах­насы» байқауы жыл сайын төрт кезеңге бөлініп өткізіледі. Атап айт­қанда, Қарулы Күштердің өңір­лік қолбасшылықтары, ро­талар, ботальондар, бригада­лар арасында өтіп жүр.

Еске сала кетейік, Қорғаныс ми­нистрінің бастамасымен биыл­­дан бастап Қарулы Күш­тер­­дегі «Жас Ұлан» әскери әндер фес­тивалі «Сарбаз сахнасы» және «Жас Сарбаз» болып екіге бөлінді.