Қазақстанның бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі қайтыс болды
Қазақстанның бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі қайтыс болды
237
оқылды
Бүгін режиссер, продюсер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сергей Әзімовтың үлкен ағасы Руслан 69 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Instagram-дағы парақшасында хабарлады.
"Руслан Жұмабайұлы белгілі тілші әрі жазушы Жамбыл Әзімовтің отбасында дүниеге келген. Ол Алматы ауыл шаруашылығы институтының түлегі, Вильямс атындағы Мәскеу Ғылыми-зерттеу институтының аспиранты, ғылым кандидаты. Р.Әзімов Республикадағы алғашқы «Агро» мемлекеттік-кооперативтік бірлестігін құрды, өзі құрған халықаралық қазақстандық агроөнеркәсіптік биржаның президенті болды, ҚР мемлекеттік сатып алу агенттігін және «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарды. Бейіндік министрлікте жұмыс істеп, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. лауазымына дейін көтерілді. Әріптестерінің айтуынша, Руслан Жұмабайұлына мықты азаматтық ұстаным мен отансүйгіштік тән еді. Ұзаққа созылған ауруға қарамастан, өз Отаны мен халқын сүйетін беделді, құрметті азамат бола білді. Сұхбаттарының бірінде сүйектен өтер келесі сөздерді айтқан еді: «Біз киелі жерде өмір сүріп жатырмыз, сондықтан болар, ұлт ретінде әлі де тіріміз. Себебі біз әлемге сенеміз және оған тәуелді емеспіз». ⠀ Марқұмның бауыры Сергей Жұмабайұлы Әзімовқа және барлық туған-туыстарына Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұжымының атынан қайғырып, көңіл айтамыз. ⠀ Қазаның арты қайырлы болғай!", - деп жазылған хабарламада.