Таразда Қордай қақтығысын қарап жатқан сот үзіліс жариялады
Таразда Қордай қақтығысын қарап жатқан сот үзіліс жариялады
151
оқылды

Ағымдағы жылдың 8 желтоқсаны күні Қордай ауданында орын алған жаппай тәртіпсіздік фактілері бойынша басты сот отырысы басталған болатын. Сот процесі барысында айыпталушылардың сауалнамалық деректері және әрбір сотталушыға тағылған айып бойынша ұстанымы анықталды.

Сот барысында жаппай тәртіпсіздікке шақыру деректерін қараумен қатар, жәбірленуші М.Дывтың мүлкін ұрлау жайттары да тергелді. Аталған факті бойынша сотталушылар кінәларын мойындап, нақты айғақтар келтірілді. Сот тарапынан процеске қатысушылардың аудармашылармен қамтамасыз ету, сотталушылардың туыстарын қосымша қорғаушы ретінде тану туралы өтініштеріне рұқсат етілді. Сот отырысы айыпталушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен ашық форматта өтуде. Сот процесінің ашықтығы, сот қорғауына қолжетімділік және процеске қатысушылардың жарыспалылыққа құқықтарын іске асыруы қамтамасыз етілді. Сотталушылардың туыстары үшін жеке залдар, ал БАҚ өкілдері үшін №2 қалалық сот ғимаратында тікелей эфир ұйымдастырылды. Сот отырысы 11 желтоқсан күні де жалғасты. Енді ағымдағы жылдың 14-20 желтоқсаны аралығында сот үзіліс жариялап отыр.

Саятхан Сатылғанов