Оралда әкімдіктің үш бөлім басшысы қызметінен кетті
Оралда әкімдіктің үш бөлім басшысы қызметінен кетті
5,210
оқылды

Олардың барлығы өз еріктерімен өтініш жазған, – деп хабарлайды «Менің қалам» порталы.

Миржан Нұртазиевтің жұмыстан босағаны 22 қараша, жұма күні белгілі болды. Айта кету керек, Миржан Нұртазиев қаланы жарықтандыру мәселелерін қадағалау бойынша жауапты болды.

Оралда 10 жастағы Айару Ермек қайтыс болған апаттан бір күн өткен соң ол қаладағы 109 жаяу жүргіншілер өткелі әлі де жарықтандырылмағанын, айтты.

Кейін Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметі жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдар Менеев пен білім бөлімінің басшысы Асан Нарымбаевтың жұмыстан кетуге өтініш жазғанын хабарлады.

22 қарашада өткен облыстық мәслихаттың сессиясында БҚО әкімі Ғали Есқалиев жол апатынан мектеп оқушысының қаза болуы барлығына қатты батып отырғанын жеткізді.

– Кеше қала әкіміне сөгіс жарияладым. Мұнда полиция бөлімінің басшылығы мен қызметкерлері қатысып отыр, осы мәселеге ерекше назар аударуды тапсырамын. Бұл көбінесе көшелерді жарықтандыруға байланысты. Жол құрылысы жоспарланған кезде олардың сапасына назар аудару керек. Қазірдің өзінде жобалау сатысында мектептерге апаратын бағыттарға назар аудару керек, – деді облыс әкімі.