Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек жолдады
Корея Қазақстанға гуманитарлық көмек жолдады
210
оқылды
Корея Республикасының үкіметі Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігіне COVID-19-бен күрес үшін тағы гуманитарлық көмек жолдады. Оңтүстік Кореядан Қазақстанға жалпы сомасы 300 000 доллар болатын 72 оттек концентрат және науқастарға арналған 50 мониторды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дүниежүзілік жеткізу желісі (WHO global supply chain) арқылы гуманитарлық көмек келді.

«Ертең Алматыға тағы 75 000 доллар болатын 111 000 дана KF94 қорғаныш маскалары жеткізіледі. Оңтүстік Корея елшілігі, ДДҰ, ҚР үкіметі арасындағы үшжақты ынтымақтастық аясында көрсетілген гуманитарлық көмек жоғары бағаланады деген үміттеміз. Бұған дейін Корея Республикасы құны 800 000 доллар болатын гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім шығарған. Соның аясында Қазақстанға қазанда 425 000 долларға ПТР-тест жиынтығы жеткізілді және аймақтарға таратылды», – деді Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок.

Гуманитарлық көмекті табыстау іс-шарасына ДДҰ Қазақстандағы өкілі Кэролайн Кларинваль және ДСМ вице-министрі Ерлан Қиясов қатысты.