Қытайда қауіптіліктің «көк» деңгейі жарияланды
Қытайда қауіптіліктің «көк» деңгейі жарияланды
5,122
оқылды

Қытай ұлттық метеорологиялық обсерваториясы күннің күрт суытуына байланысты қауіптіліктің «көк» деңгейін жариялады, – деп хабарлайды «Синьхуа» агенттігі.

«26 қарашаға дейін Янцзы өзенінің орта және төменгі ағысындағы кейбір аумақтарында, сондай-ақ Шығыс Қытайдың жағалау маңындағы аудандарда қатты жел соғады», – деп хабарлайды Қытай ұлттық метеорологиялық обсерватория қызметі.

Елдің солтүстік-батыс, солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігіндегі бірқатар аудандарда ауа температурасы 6-10 цельсий шкаласына төмендейді. Аталған аудандардың кейбірінде – 12 градусқа дейін суытады. Осыған орай метеорологиялық орталық тұрғындарды абай болуға және сыртта көп жүрмеуге шақырды.

Айта кетейік, Қытайда қолайсыз ауа райы туралы ескертудің төрт түрлі деңгейі қабылданған: ең қауіпті деңгейі – қызыл түс, одан кейін қызғылт сары, сары және көк түс.