Ақтөбе облысында ауыл әкімі отқа оранған үйден 5 бірдей баланы аман алып шықты. Бұл туралы Aikyn.kz24.kz сайтына сілтеп хабарлайды.
Ауылдасының баспанасынан өрт шыққанын байқаған ол дереу көмекке ұмтылған. Жанып жатқан үйдің ішіне еніп, бес бүлдіршінді сыртқа алып шыққан. Балалар бір бөлмеге тығылған екен. Кейін шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дәрігерге тапсырылған. Үйдің иелері ертемен жұмысқа кетіпті. Оқиға Әйтеке би ауданының Сұлукөл ауылында болған. Кейін өрт сөндіру тобы жетті, алайда үй толықтай жанып кеткен.
– Ауыл айта кету керек, аудан орталығынан 150 км қашықтықта орналасқан. 200 шаршы метр үйдің өртенуі орын алды. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келген кезде үй жанып жатқан. Сол кезде үйден бір газ баллоны шығарылды және жарылыстың алдын алды. Жарылыс болған кезде әрине қарсы тұрған үйлерге өрттің ауысып кетуі мүмкін еді, – деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Аслан Арзымбетов.