Банкир 6 жылға сотталды
Банкир 6 жылға сотталды
220
оқылды

Жамбыл облысының Меркі ауданында банктің бұрынғы қыз­меткері тұрғындарға 75 миллион шығын келтірді. Банк бөлімшесінің экс-директоры, өңірде жұмыс істеген 42 жастағы алматылық тұрғын клиенттердің ақша жинақ­тары туралы мәліметке қол же­ткізген. Сондай-ақ ол банк са­лым­шыларының ақшасын алаяқтықпен иемденіп кеткен.

2016 жылы екінші деңгейлі банктің бөлімше директоры болып қызмет істеп жүрген кезінде ол қор биржасында айнал­дырып, ақшаны еселеп беремін деген сылтаумен салымшы әйелдің сеніміне кіріп, одан 100 мың доллар ақша алыпты. Бір айдан кейін алаяқ сол әйелге тағы хабарласып, 30 мың долларын алды. Өзіне сенген әйелдің банктегі шотында қаражат қалмағанын түсінген алаяқ жә­бірле­ну­шінің анасынан 27 миллион теңгені ше­шіп алуды ұсынады. Ол осы со­маны да көбейтіп қайтаруға уәде берді. Мұнымен тоқтамаған алаяқ банктің салымшысы болған жергілікті кәсіпкердің де сеніміне кіріп, ескі тәсілмен оның 3,5 миллион теңге сомасындағы ақшасын иеленген. Ол соманы жақын арада пайы­зымен қайтаруға уәде береді. Әйел ақ­шаның бизнесменнің шотында тұр­ғанын, одан ешқайда шықпайтынын айтып сендіреді. Ештеңеден күдіктенбеген ер адам екі аптадан кейін банкке келіп, шотында ақшаның жоқ екенін біледі. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі, яғни аса ірі мөлшердегі алаяқтық бойынша іс қозғалды. Меркі ауданының аға тергеушісі Ж.Серік алаяқтың схемасын толық ашып, күдіктінің кінәсін дәлелдеді. Сот үкімімен әйел 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ меморгандарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және қаржы ұйымдарында ұйым­дас­тырушылық-өкімдік функ­цияларға байланысты лауазымдарды атқару құ­қығынан 10 жыл мерзімге айырылды.

Ерік ЕРДЕНОВ