Инкассаторды тонағандар қолға түсті
Инкассаторды тонағандар қолға түсті
188
оқылды

Жаңаөзенде инкассаторларға шабуыл жасағандардың барлығы қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады. Күдіктілер уа­қытша ұстау изоляторына қа­малды. Қазіргі уақытта инкас­са­торларға шабуыл жасау фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы 4-бөлігіне сай тергеу жүр­гізіліп жатыр.

3 желтоқсан күні сағат 18.33-те Жаңаөзен қаласы Полиция басқар­масының Жедел басқару орта­лығына 4 шағынаудандағы банк бөлім­шесінің жанында тұрған инкассатор машинасына шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті. Қылмыскерлер инкас­сатор жүр­гізушісін пышақпен қорқытып, 76 мил­лион теңгені алып кеткен. Ин­кассатор жүргізушісі олардың соңынан бірнеше рет оқ атқан. Қарақшылық туралы хабар алысымен полиция қызметкерлері оқиға орнындағы бейнебақылау камераларын мұқият зерттеді. Қылмыскерлер бой жасыруы мүмкін маршруттар жасалып, Жаңаөзен қаласына кіріп-шығатын жолдың бәрі жабылды. Оқиға куәгерлерінен жауап алынды. Деректер базасы бойынша қарақшылар мінген автокөліктің си­паттамасына сәйкес келетін барлық автокөлік тексерілді. Түн ортасында із­деудегі көлікке ұқсайтын машина ұсталды. Видеоны сол жерден зерттеген олар оқтың тиген жерін анықтап қара­ғанда, оны бір нәрсемен бітеп жасырғанын байқады. Сондай-ақ инкассаторлық компа­нияның жұмыс орнын да анықтап, по­лиция жүргізушіні қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Алайда ол қарақшылық шабуылға қатысқанын теріске шығарып бақты. Ұсталған адамның таныстары мен байланыстарын анықтау жұмысынан кейін шабуыл жасаған тағы бір күдікті қолға түсті. Тінту кезінде одан үйдің қазандығына көміп тастаған ұрланған ақшаның бір бөлігі табылды. Кеше полиция қылмыстың үшін­ші қатысушысын ұстады. Қыл­мыскерлер бір ай бойы инкассаторларға шабуыл жасауға мұқият дайындалған екен. Олар инкассатор машинасының бағыты мен қозғалыс уақытын есептеп, өзара тиісті мін­детті бөлісіп, қару таңдаған. Ал ұрланған ақшаны қаскүнемдер өзара бөлісіп алыпты.

Тұмар МЫРЗА