Төрт жастағы сәби бесінші қабаттан құлап кетті
Төрт жастағы сәби бесінші қабаттан құлап кетті
5,195
оқылды

Петропавлда төрт жасар бала бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кетті,– деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға Амангелді көшесінің бойындағы үйде болған.

«Бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның қалай құлағаны анықталуда», – деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі сәбидің өте ауыр халде жатқанын хабарлады.

Бұл Петропавлда жыл басынан бері орын алған төртінші оқиға.