Ақмола облысында карантин талаптары жеңілдеді
Ақмола облысында карантин талаптары жеңілдеді
5,196
оқылды

Атап айтсақ, өңір «қызыл аймақта» болған кезде тұрғындарға сағат кешкі 9-дан кейін үйден шықпау талабы қойылған еді.

Енді тек түнгі 11-ден таңғы 6-ға дейін көшеге себепсіз шықпауға кеңес беріліп отыр. Сонымен қатар сауда және қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты да ұзартылды. Енді олар кешкі 10-ға дейін ашық болады.

Сондай-ақ қалааралық жолаушылар тасымалы да қайта жанданады. Ал шектеулердің басым бөлігі жексенбі мен мереке күндері сақталады. Көкшетау және Степногорск қалаларындағы санитарлық бекеттер де әзірге өз жұмысын жалғастыра бермек.