Дәрігерлер ең қауіпсіз өсімдік майын атады
Дәрігерлер ең қауіпсіз өсімдік майын атады
228
оқылды

Сарапшылар өнімнің бірнеше түрін құрамы мен тотығу тұрақтылығы тұрғысынан салыстырды. Кейбір өсімдік майлары құрамында холестеринді көтеретін және жүрек-тамыр аурулары мен қант диабетіне әкелетін транс майлары бар. Дәрігерлер тотығуға ең төзімді және қауіпсіз өнімдерді таңдады, – деп хабарлайды Life.ru.

Алдыңғылардың қатарында кокос майы болды. Дәрігерлердің айтуынша, бұл майдың сапасы сегіз сағат үздіксіз қуырылғаннан кейін де сақталады. Өнімнің тотығу тұрақтылығы оның 90 пайыздан астам қаныққан майдан тұратындығымен түсіндіріледі. Зәйтүн майы мен авокадо майы да қауіпсіз өнім болып танылды.

– Зәйтүн майы сияқты, авокадо майы құрамында қанықпаған майлардың көп бөлігі бар. Олеин қышқылына бай, денеде қабынуды азайтады. Бұл май жүрек қызметі үшін де пайдалы. Жануарларға жүргізілген зерттеулер авокадо майына бай диета қан қысымын төмендететіндігін көрсетті, – деп жазады Health.News.

Күнбағыс майына келетін болсақ, дәрігерлер оны қалыпты мөлшерде тұтынуды ұсынады. Құрамында омега-6 көп мөлшерде болғандықтан, өнім қабынуға әкелуі мүмкін. Ол тезірек тотығады, сондықтан ондай маға тағамды төмен температурада қуыруған дұрыс.