Ал әуе компаниялары 8,6 млн адам тасымалдапты, жалпы соңғы уақытта әуе көлігі қызметін таңдаушылар 9,6 пайызға көбейген.Жолаушы, жүк және багаж тасымалдаушы кәсіпорындар кірісі былтыр 3,1 трлн теңгеге жетті. Алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 2,8 трлн теңге болған. Былтыр тасымалданған 4,2 млрд тонна жүк алдыңға жылдан 3,3 пайызға жоғары. Жүк тасымалында да автокөліктердің бәсі басым түсіп отыр. Мысалы, жалпы жүктің 83,8 пайызы, яғни 3,6 млрд тоннасы автокөлікпен, 0,4 млрд тоннасы ғана теміржол көлігімен тасымалданған. Тұмар МЫРЗА
Такси қызметін пайдаланушылар азайды

139
оқылды
оқылды