Бозжырадағы қонақүй табиғи қаумал аумағынан тыс жерде салынады – Экология министрі
Бозжырадағы қонақүй табиғи қаумал аумағынан тыс жерде салынады – Экология министрі
5,186
оқылды

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Бозжыра экологиялық туризмді дамыту мәселесі талқыланған кездесу қорытындысы туралы хабарлады.

«Мемлекет басшысының Бозжыра шатқалында қонақүй салу жобасын қайта қарау туралы тапсырмасына сәйкес, Ақтау қаласында ғалымдармен, биологтармен, шетелдік сарапшылармен, жергілікті эколбелсенділермен және қоғам қайраткерлерімен кездесу өткіздік. Барлығы туристік нысан тұрғызу өңір үшін аса маңызды деген ортақ ой айтты», - деп жазды ол Twitter парақшасында. «Бірақ туризмді дамыту мен Бозжыра сияқты уникалды табиғи нысанның экожүйесін сақтаудың арасында тепе-теңдік болу керек. Жобаның әлеуетін бағалап, кеңестерін беру үшін тәжірибелі сарапшылар мен ғалымдарды Бозжыраға алып бардық», - деді министр. Оның сөзінше, жергілікті қоғам белсенділері ғалымдармен бірге қонақүй салу өңірдің туризмін дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін керек деген ойды алға тартқан. «Сондықтан тұрғындар мен ғалымдардың, қоғам өкілдерінің ұсынысымен қонақүй орны Жабайұшқан қаумалының сыртына ауыстырылады. Инвестор компания өкілдері өз тарапынан жобаны жүзеге асыратын орынды қаумалдан тыс жерден таңдауға дайын екендерін жеткізді», - деп хабарлады Мағзұм Мырзағалиев.