Қазақ-өзбек дәрігерлері өзара тәжірибе алмасты
Қазақ-өзбек дәрігерлері өзара тәжірибе алмасты
334
оқылды

Ташкентте «Өзбекстандағы Қазақстан жылы» аясында қазақстандық медицина күндері өтіп жатыр.

Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, үкіметаралық келісімдердің шеңберінде ұйымдастырылған бұл іс-шараның басты мақсаты екі республиканың денсаулық сақтау, медициналық білім беру жүйелерінің диалогын дамыту және нығайту, сондай-ақ ауруларды жаңа технологиялар арқылы диагностикалау және емдеу бойынша тәжірибе алмасу.


WhatsApp Image 2019-11-24 at 20.17.06 (1).jpeg

Ұлттық орталықтардың, жоғары оқу орындарының, денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерінен тұратын қазақстандық делегацияны Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастап барды.


WhatsApp Image 2019-11-24 at 20.18.45 (2).jpeg

Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының делегациясы құрамында: интервенциялық кардиология бөлімінің меңгерушісі, PhD Әділ Байымбетов, эндоскопия бөлімінің меңгерушісі, денсаулық сақтау магистрі Ерлан Абдрашев, урология және бүйрек трансплантациясы бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Равиль Ибрагимов, аға ғылыми қызметкер, профессор Бибігүл Ілиясова, гинекологиялық бөлімнің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Қадыржан Үсенов, жоғары санатты гинеколог дәрігер Александр Чупин, стратегиялық блоктың жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты Арман Міржақыповтар бар. Орталық делегациясын басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ-нің бас хирургы Болатбек Баймаханов бастап барды.


WhatsApp Image 2019-11-24 at 20.18.44 (1).jpeg

Осы іс-шараның аясында орталық мамандары жетістіктері мен табыстарын Өзбекстанның практикалық денсаулық сақтау өкілдерінің назарына ұсынды.

Жоғары деңгейдегі сессияда Басқарма төрағасы Болатбек Баймаханов «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының медициналық технологиялар саласындағы жетістіктері» тақырыбында баяндама жасады.


WhatsApp Image 2019-11-24 at 20.18.47 (2).jpeg

В.Вахидов атындағы Республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық хирургия орталығы, Республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық кардиология орталығы, ӨР ДСМ-нің жұқпалы аурулар және вирусология Ғылыми-зерттеу институты, ӨР ДСМ-нің Республикалық перинатальдық орталығы сияқты Өзбекстан Республикасының ірі ұлттық орталықтарымен серіктестік туралы меморандумдар бекітілді.

Форумның екінші күні А.Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО-ның мамандары бірнеше шеберлік сабақтарын өткізді. Профессор Б.Баймаханов «тірі туыстық донордан бүйректі трансплантациялау кезіндегі лапароскопиялық мануальдық-ассистендірілген нефрэктомия» бірегей отасын жасады.


WhatsApp Image 2019-11-24 at 20.18.47.jpeg

Интервенциялық кардиология бөлімінің меңгерушісі, PhD Ә. Байымбетов «Катетерлік радиожиіліктік абляция» тахикардиясының күрделі формаларына бірнеше ота жасап, «Жүрек ритмі бұзылыстарын интервенциялық емдеудегі заманауи технологиялар» тақырыбында дәріс оқыды.

Эндоскопия бөлімінің меңгерушісі Е.Абдрашев үш науқастың асқазанындағы эпителиальдық өсінділерді эндоскопиялық жолмен алып тастау отасын сәтті түрде жүзеге асырды.

Гинекологтар тобы 10 миниинвазивті ота (гистерорезекто және лапароскопиялық операциялар) жүргізді. Жатырдың лапароскопиялық экстирпациясы бойынша бір операция, сондай-ақ торлы протездің орнатылуы арқылы гибридтік үш деңгейлі реконструкция жасалды.


WhatsApp Image 2019-11-24 at 20.18.45.jpeg

Сонымен қатар HEOS заманауи хирургиялық технологиясы таныстырылды.

Профессор Б.Ілиясова вирусология институтында «Гепатологияның өзекті мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды. Бірлескен клиникалық талқылаулар барысында бауыр патологиясы бар науқастардың жай-күйін тексеріп, оларға медициналық кеңес берді.


WhatsApp Image 2019-11-24 at 20.18.44.jpeg

Өткізілген шеберлік сабақтарына өзбекстандық әріптестер ерекше қызығушылық танытып, әрі қарай жемісті ынтымақтастыққа жол ашылды.