Қазақстандық 12 жастағы әнші Ержан Максим Польшаның Гливице қаласында өткен Junior Eurovision 2019 байқауында екінші орын алды.
Ол байқауда «Арманнан қалма!» әнін орындады.
Фото: "Хабар" телеарнасы
Ереже бойынша, жеңімпазды телекөрерменнің дауыс беру нәтижесі мен әділқазылар алқасы анықтады. Ержан 227 ұпай жинады. Бірінші орынды поляк орындаушысы Виктория Габор алды — 278 ұпай. Үшінші орынды испания әнші иеленді.