Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Максимді Junior Eurovision ән байқауындағы жеңісімен құттықтады.
Президент twitter парақшасында: «Ержан Максим Junior Eurovision ән байқауында жүлделі екінші орынға ие болды. Бұл – теңдесі жоқ, тамаша жетістік! Сені, ата-анаңды және ұстаздарыңды осындай маңызды жеңіспен құттықтаймын. Алар асуларың биік болсын! Алға!» – деп жазды.