Индер ауданында 272 пәтер салынып жатыр
Индер ауданында 272 пәтер салынып жатыр
231
оқылды
Индербор кентіндегі Көктем шағынауданында төрт қабатты, 48 пәтерлік  тұрғын үйлер мен 5 қабатты, 80 пәтерлік тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы  Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. «Көктем шағынауданында жол, газ, жылу құрылысы, ал Есбол, Елтай, Аққала ауылдарында газ желісі құрылысы жүріп жатыр», – деді Мейірім Қалауи.​ Айта кетейік, Индер ауданында тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына бағытталған спорт кешендері де бой көтеруде. Бүгінде Индербор кентіндегі спорттық ойын алаңдарының, Жарсуат ауылындағы спорт кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.