Атырау кафелерінің бірінде ирландық жігіт таяқ жеді
Атырау кафелерінің бірінде ирландық жігіт таяқ жеді
200
оқылды

Еуропадан келген қонақты соққыға жықты деген күдікпен атыраулық азамат құрықталды. Бұл туралы «Қазақпарат» хабарлайды.

Оқиға Атырау кафелерінің бірінде орын алды. Анықталған мәліметке сүйенсек, 35 жасар атыраулық 33 жастағы ирландықты соққының астына алған.

Төбелес басталғанын байқаған кафенің басқа да қонақтары тез арада полиция өкілдері мен жедел жәрдем қызметкерлерін шақырған. Дәрігерлердің айтуынша шетелдік қонақтың мойнына зақым келген, алайда ирландық медициналық көмектен бас тартты.

«Полиция күдіктіні дер кезінде қолға түсірді. Сараптама жүргізіліп, сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп Атырау облысы Полиция департаменті мәлімдеді.