Ұлттық тестілеу орталығының директоры сотталды
Ұлттық тестілеу орталығының директоры сотталды
5,194
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы РМКК директоры пара алғаны үшін сотталды.

Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы РМКК директоры Р.С.Әлімқұловқа қатысты тергеу аяқталды.

Ол жалпы 5 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелген еді. 22 қарашада Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Әлімқұлов пара алды деп айыпталып, 3,5 жыл бас бостандығынан айырылды.

Ол енді өмір бойы мемлекеттік қызмет атқара алмайды.