Қазақстанның 9 аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанның 9 аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
132
оқылды

13 желтоқсанда күндіз Ақмола облысында оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90%.

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысы  мен Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі де ықтимал. Түркістан облысында кей жерлерде тұман түсіп, Шығыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с құрайды. Шымкент пен Түркістан қаласында кей уақытта тұман түсуі ықтимал. Қызылорда облысы мен Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с болады.