«OIL CONSTRUCTION COMPANY» қызметкерлерімен кездесу өтті
«OIL CONSTRUCTION COMPANY» қызметкерлерімен кездесу өтті
163
оқылды

Маңғыстау облысы Ақтау қаласында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ахмет Салманов «OIL CONSTRUCTION COMPANY» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Ахмет Салманов «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 7 басым бағыты түсіндіріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жұмыстары, бүгінгі таңда жұмыс бағытындағы оң өзгерістер туралы сөз қозғады. Оған қоса тұрғындар тарапынан осы уақытқа дейін көтеріп келе жатқан мәселелерінің нәтижелі орындалып жатқанын сөз етті.

«Қала экономикасын тұрақты дамыту үшін бізге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды нығайту және өңдеу өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын құру және жұмысшылар санының қысқаруын алдын алу үшін іс-шаралар қолдану қажет. Атап айтар болсақ, 2021 жылы кабельдер мен трансформаторлар шығаратын зауыт салу, 2022 жылы каустикалық сода және хлор өндіру зауытын салу, 2022 жылы минералдық тыңайтқыштарды қайта өңдеу зауытын жаңғырту, 2022 жылы көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу кешенінің құрылысы және 2023 жылы шойын өндіретін зауытын салу. Сіздің таңдауыңыз біздің болашағымызды айқындайды. Сол себепті баршаңызды 10 қаңтар күні Nur Otan-ға дауыс беруге шақырамын» – деді өз сөзінде А.Салманов 7 басым бағытта кәсіпкерлерге қолдау көрсету, жолдың сапасын жақсарту, тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру, медициналық қызмет көрсету, білім беру саласының сапасын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту т.б. мәселелері қамтылған. Кездесуде нақты атқарылатын жұмыстар легі таныстырылғаннан кейін қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылып, партияның алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық сайлау қорынан төленді