Полицияға өзінің тоналғанын айтып, жалған ақпарат берген тұрғынға айыппұл салынды
Полицияға өзінің тоналғанын айтып, жалған ақпарат берген тұрғынға айыппұл салынды
125
оқылды

Өзін ренжіткендерден кек алу үшін ер адам елордада тонау оқиғасы болғаны туралы полицияға жалған ақпарат берген екен.

Сағат 02.20-да Есіл аудандық полиция бөліміне 35 жастағы тұрғыннан бар күзетшілері өзін ұрып-соғып, ұялы телефоны мен ақшасын алып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Іс жүргізу барысында қоңырау шалушының караоке-барда отырғаны және алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін ол ақысын төлеуден бас тартқаны анықталды. Нәтижесінде онымен және бар қызметкерлері арасында жанжал болған. Ол бардан шыққаннан кейін шығаберістегі есіктің әйнегін жұдырығымен ұрып, шағып тастаған. Сөйтіп күзетшілерден кек алмақ болып, полицияға өзінің тоналғаны туралы хабар береді. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ұрланды деген заттар ер адамның өзінде екенін анықтаған. Елорда тұрғынына арнайы қызметке жалған ақпарат бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.