Жапония қатерлі ісік ауруын бір тамшы қаннан анықтаудың әдісін ойлап тапты
Жапония қатерлі ісік ауруын бір тамшы қаннан анықтаудың әдісін ойлап тапты
237
оқылды

Toshiba корпорациясы бір тамшы қаннан қатерлі ісіктің 13 түрін 99% анықтауға мүмкіндік беретін технология жасады. Диагноздың құны 180 доллар, – деп хабарлайды Kyodonews.net.

Компания онкологиялық орталықтың ғылыми-зерттеу институтымен және Токио медициналық университетімен бірлесіп жасаған диагностикалық әдісті қолдану арқылы қатерлі ісік ауруын ерте сатысында анықтап, емдеуге көмектесетінін хабарлайды.

«Басқа компаниялардың әдістерімен салыстырғанда бізде қатерлі ісікті анықтаудың дәлдігі, процедураның уақыты мен құны жағынан артықшылығы бар», – деді Toshiba зертханасының бас ғылыми қызметкері Коджи Хасимото.

Тест асқазан, өңеш, өкпе, бауыр, өт жолдары, ұйқы безі, ішек, аналық без, простата, қуық және сүт бездерінің, сондай-ақ саркома мен глиоманың қатерлі ісігін анықтауға қолданылады.