Балқаш маңында жолаушылар автобусы аударылды
Балқаш маңында жолаушылар автобусы аударылды
185
оқылды
«Алматы-Екатеринбург» тас жолының Гүлшат кентіне жақын учаскесінде 11 жолаушысы бар автобус аударылып қалды. «Балқаш» трассалық медициналық-құтқару пункті 6 адамды ауруханаға жеткізді. Бұл туралы Aikyn.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеп хабарлайды. 13 желтоқсан күні сағат 12.45-те Ақтоғай ауданында «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 1918 шақырымында, Гүлшат кентінен 10 шақырым жерде «Мерседес» рейстік автобусы аударылып кетті.

«Салонда 11 жолаушы және 1 жүргізуші болды. Қарағанды облысы ТЖД «Балқаш» трассалық медициналық-құтқару пунктінің 4 қызметкері мен 1 техникасы зардап шекен 6 адамды Балқаш қаласының ауруханасына жеткізді», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.