Жол апатынан кейін «куәлігін» көрсетті: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет видеоға түсінік берді
Жол апатынан кейін «куәлігін» көрсетті: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет видеоға түсінік берді
5,232
оқылды

Өзін құқық қорғау органының қызметкері деп таныстырған ер адам туралы түсірілген видеоға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет түсіндірме берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеода ер адам жол-көлік оқиғасынан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерінің құжатын көрсетеді.

«Оқиға 2019 жылдың 21 қарашасында Павлодарда Шарбақты көпірінің жанында болғандығы анықталды. Ер адамды полиция қызметкерлері ұстады және оның ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің «Алаяқтық ісі» бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүргендігі анықталды. Полицейлер тексерген кезде және жоғарыда аталған анықтама бойынша Ұсталған адам Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

222.jpeg