Қызылордада 600 келіден астам құс еті сатылымнан алынды
Қызылордада 600 келіден астам құс еті сатылымнан алынды
150
оқылды
Қызылорда облысында техникалық регламенттер талаптарына сай келмеген 666 кг-ға жуық құс еті өнімдері сатылымнан алынды. Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен биылғы жылдың 11 айында азық-түлік және азық-түлік емес өнімдердің 1851 сынамасы сараптамаға алынған. Сынамалардың басым бөлігі, яғни  73,6% - тағам өнімдері. Жүргізілген сараптамалардың нәтижелері бойынша микробиологиялық, физика-химиялық көрсеткіштер, қауіпсіздік көрсеткіштері және таңбалау бойынша тамақ өнімдеріне қатысты 98 сәйкессіздік анықталды. Бұл ретте, бұзушылықтардың басым бөлігі құс етіне, ет өнімдеріне, алкогольсіз сусындарға және кондитерлік өнімдер үлесінде тиесілі. Бұдан бөлек, құрамында патогенді микроорганизмдер, соның ішінде Salmonella және Proteus тобының бактериялары ресейде өндірілген бройлер балапанының жіліншігі жартылай фабрикаты мен балапан-бройлердің төс еті жартылай фабрикатынан табылған. Осы себепті жалпы сомасы 641 793 теңгеге құраған 665,90 кг құс еті өнімдері сатылымнан алынды.