Салықтарды біріктіру салық элементтерін (салық салу объектісі, салық базасы, мөлшерлемелер, есептеу және төлеу тәртібі) өзгертпей жүзеге асырылады. Бұл жағдайда жер учаскелері мен мүлік бойынша салық қолданыстағы тәртіпке сәйкес жеке-жеке есептеледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұл ретте салық төлеушіге төленуге тиіс сома бір бюджеттік сыныптама кодымен ұсынылады.
Осылайша бұл норма жеке тұлғалар үшін төлеу тәртібін жеңілдетеді. Заңда бұл норманы 2020 жылдан бастап енгізу көзделген, яғни 2021 жылы 2020 жылғы міндеттемелер бойынша мүлік пен жерге біріктірілген салықты төлеу көзделген.