2021 жылдың басында реформалардың жаңа топтамасын жариялаймыз - Тоқаев
2021 жылдың басында реформалардың жаңа топтамасын жариялаймыз  - Тоқаев
170
оқылды
Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен Мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың басында реформалардың жаңа топтамасы жария етілетінін айтты.
«Біз елді саяси жаңғырту процесін табанды түрде жалғастыруға ниеттіміз. Қазіргі уақытта реформалардың жаңа топтамасы әзірленіп жатыр, ол жайында келесі жылдың басында жария етеміз», - деді Президент.
Мемлекет басшысы бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруға, әділет және тең мүмкіндіктер қағидаттарын бекітуге бағытталған Қазақстандағы демократиялық түрленуге тың серпін беретіндігін баса айтты.
«Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өткізу еліміз үшін келесі жылдың маңызды оқиғасы болмақ. Алдағы сайлау жоғары азаматтық белсенділік танытып, қоғамның саяси сауатты екенін көрсететініне сенімдімін. Сайлау науқаны қазақ мемлекеттігінің институционалдық тұрақтылығын тағы бір рет нақты дәлелдейді», - деді Тоқаев.