Нұр-Сұлтан: Қаланың көрікті жерлерін автобуспен тегін серуендеңіз
Нұр-Сұлтан: Қаланың көрікті жерлерін автобуспен тегін серуендеңіз
304
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты Тұңғыш Президент күніне орай өтетін тегін мерекелік шаралардың тізімін жариялады.

30 қараша мен 1 желтоқсанда қала тұрғындары мен қонақтары Red Bus екі қабатты экскурсиялық автобустары тегін экскурсия ұйымдастырып жатыр.

Экскурсия AiLand орталығынан және «Астана-Бәйтерек» монументінен басталады. Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс қазақ тілінде, екінші рейс орыс тілінде, ауысу арқылы).

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.

Автобустардың қозғалыс кестесі: 

AiLand аялдамасынан қозғалу уақыты: сағат 10.00 (орыс тілінде); сағат 12.10 (қазақ тілінде); сағат 14.30 (орыс тілінде); сағат 16.40 (қазақ тілінде); сағат 18.50 (орыс тілінде).

Бағыты: «Хан Шатыр», «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы, «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық музей, «Астана Бәйтерек» монументі және AiLand (океанариум) ойын-сауық орталығы қарай және керісінше, осы жолмен қайта жүреді. Яғни, AiLand (океанариум) ойын-сауық орталығы, «Хан Шатыр», «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы. «Нұр-Әлем» сферасы, Ұлттық музей және «Астана Бәйтерек» монументі.

«Астана Бәйтерек» монументі аялдамасынан қозғалу уақыты: сағат 10.30 (қазақ тілінде); сағат 12.40 (орыс тілінде); сағат 15.00 (қазақ тілінде); сағат 17.10 (орыс тілінде); сағат 19.20 (қазақ тілінде).