Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, таңертең жеңіл көлік пен автобус соқтығысып қалған.
Департаменттің баспасөз қызметі: «26 қараша күні сағат 06.35-те Wolkswagen Golf маркалы автомобильдің 21 жастағы жүргізушісі Б.Момышұлы – Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысында №101 бағдарлы автобуспен соқтығысып қалды. Wolkswagen Golf жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 610-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Тексеріс жүріп жатыр. Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шекпеген», – деп хабарлады.
Бұған дейін «Айқын» газетінде автобустардың жол-көлік апатына себепкер болатынын жазған едік.