Самат Гилимов: Техникалық байқауға деген бақылау күшейеді
Самат Гилимов: Техникалық байқауға деген бақылау күшейеді
267
оқылды

Назарларыңызға міндетті техникалық байқаудың мән-жәйі туралы ұсынамыз

Елімізде соңғы бірер ай көлемінде міндетті техникалық байқауға қатысты бақылау күшейді. Осыған орай ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Самат Қуанышұлымен аз-кем сұхбаттасқан едік.

- Самат Қуанышұлы, сұхбатымызды Қазақстандағы техникалық байқауға қатысты бастасақ, осы тұрғыда заң бұзушылықтарды болдырмау үшін Министрлік қандай жұмыстарды атқаруда?

- Ағымдағы жылы министрлік «Жол жүрісі туралы» ҚР Заңына және міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу ережелеріне өзгерістер енгізіп, «Ұлттық ақпараттық технологиясы» АҚ – бірыңғай ақпараттық жүйе операторы ретінде анықталған. Яғни, алдағы уақытта көлік қауіпсіздігі мен заңсыздықтар цифрлы түрде бақыланып отырады. Осыдан соң «ЭТОРА», «МЕТА», «АТУМЕЛЬ», «ГАРО» және «АИСТО» сияқты техникалық байқау нәтижелерін беруді жүзеге асыратын бағдарламалық қамтамасыз етулерді тексеру басталды, алайда баж операторы бағдарламалық қамтамасыз етудің сәйкес келмеуіне байланысты "ГАРО" және "АИСТО"-дан деректерді қабылдау тоқтатылды. Бұл ретте «Ұлттық ақпараттық технологиясы» АҚ-ның рөліне тоқталсақ, ол бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық бөлігі бойынша кемшіліктерді анықтап, сондай-ақ техникалық байқау орталығында пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге тексеру жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады. Бұл оператор техникалық байқау нәтижелерін қолмен енгізуге және осы бағдарламаларды түпнұсқа өнім түрінде пайдалануға мүмкіндік беретін «қарақшылық» бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланатын техникалық байқау орталықтарын анықтауға мүмкіндік береді.

- Техникалық байқауда жосықсыз операторларға заңнамада қандай шаралар қарастырылған? 

- Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза көзделген. Заң - қатал. Міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұл 10 АЕК-тен басталып, техникалық байқау операторларының тізілімінен алып тастағанға дейін жеткізіледі. Ал тізілімнен тысқары қалған адамдардың диагностикалық карталарды сатуы және көлік құралын тексермей техникалық байқауды өткізу ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Сондай-ақ жалған құжат, мөр, бланкіі, мемлекеттік пошта төлемі белгісі, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу де қылмыс болып саналады. 

Сондай-ақ, қоғамды азаматтық ұстаным танытуға және белгісіз тұлғалардың диагностикалық карталарды (талондарды) сату фактілері туралы, бағдарламалық қамтамасыз етуді бұзу фактілері туралы Көлік комитетіне хабарлауға шақырамыз және kense.kt@miid.gov.kz электронды мекен жайына жіберуді сұраймыз.          

- Қазіргі уақытта елімізде техникалық байқау саласында қандай жағдай орын алуда?

- 2012 жылы міндетті техникалық қарап-тексеруді Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құзыретіне берген сәттен бастап бүгінгі күнге дейін техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралдарының пайызы төмендетілуде (2012 жылдан бастап өтпеген көлік құралдарының пайызы - 13%, 2019 жылы - 5% құрады).

Өтпеген көлік құралдары санының төмендеуіне бірінші кезекте техникалық қарап-тексеру орталықтарын ашу рәсімін оңайлату, екіншіден, шағын және орта бизнеске қатысты бақылау-қадағалау іс-шаралары бөлігінде жеңілдеу әсер етті, бұл нәтижесінде техникалық қарап-тексеру саласындағы өрескел бұзушылықтарға әкелді, үшіншіден, М1 санатындағы 7 жылғы көлік құралдары үшін техникалық қарап-тексеруден өтуді алып тастауды енгізу маңызды рөл атқарды.

Жоғарыда көрсетілген факторларға байланысты техникалық қарап-тексеруді өткізу бойынша теріс пиғылды тұлғалардың схемалық жаңа түрлері, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына және НҚА талаптарына сәйкес келмейтін жерлерде қараусыз өткізу фактілері пайда болды. Алаяқтықтың осындай түрінің қызметі техникалық қарап-тексеру нәтижелеріне түзетулер жасау және оны көлік құралын нақты ұсынбай жүргізу түрінде жүзеге асырылады.

- Техникалық байқауда Министрлік тарапынан заң жобасы мақұлданыпты, бұл заң жобасына қандай өзгерістер енгізілді?

- 2019 жылы техникалық байқаудан өту сапасын жақсарту мақсатында Министрлік «Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізуге бастама жасады. Сондай – ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 22 тамыздағы №621 қаулысымен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – БАЖ «Техникалық байқау» eisto.kz). «Техникалық байқау»  міндеті механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін жүргізу, дамыту, ықпалдастыру және сүйемелдеу болып табылады. Министрлік бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілермен «Техникалық байқау» БАЖ операторымен бірлесіп (БАЖ осы бағдарлама арқылы техникалық байқау нәтижелерін сайтқа беру жүзеге асырылады eisto.kz) бағдарламалық қамтамасыз етуді тексеру рәсіміне қатысты түсініктемелер берілді, сондай-ақ міндетті техникалық байқауды дамыту туралы меморандум өзектілендірілді және мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілермен және «Техникалық байқау» БАЖ операторымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. «Идентификациялық кілттер» жаңартылды (ескерту. сәйкестендіру кілті-жеке кілт-техникалық байқау орталықтарының сайтқа деректер беруге қол жеткізуі eisto.kz (сәйкестендіру кілттерін жаңарту ай сайын жүзеге асырылатын болады) деректерді беруді жүзеге асыратын жосықсыз операторларды болдырмау мақсатында бағдарламалық қамтамасыз етуді (сәйкестендіру кілттерін жаңарту ай сайын жүзеге асырылатын болады).

- Рақмет!