«Nur Otan» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр
«Nur Otan» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр
118
оқылды
10 желтоқсан күні сағат 18.00-де елімізде алдағы Парламент Мәжілісі және мәслихат депутат­тары сайлауына байланысты үгіт-насихат жұмыстары басталды. Осы орайда, «Nur Otan» партиясы «Есік­тен-есікке» акциясын қолға алып, саяси науқанды жанды фор­матта жүзеге асырып жатыр. 13 желтоқсан күні Түпқараған ауданында дәл осы акция аясында ауыл халқымен жүзбе-жүз кездесу­лер өтті. «Nur Otan» партиясының Түпқараған сайлауалды штабының басшысы Светлана Жолдасова және штаб мүшелері 11 мыңнан ас­там халқы бар Ақшұқыр ауылы 2 және 5-ші квартал тұрғын­дарының шаңырағына арнайы барды. Партия Төрағасы Елбасы­мыздың ел тәуелсіздігін сақтап, да­мы­ған елдердің қатарына қосы­луы жолында еткен ерен еңбегін айтып, бейбіт тіршілігіміз сол кісінің арқасы екенін жеткізді. Түпқараған ауданын экономика­лық-әлеуметтік жағынан дамыту бағытындағы сайлауалды бағ­дар­­­ламасы­мен таныстырды. «Nur Otan» партиясы еліміздің бүгінгі жеткен жетіс­тіктерін жал­ғастыруға мүдделі сая­си институт екенін ай­тып, тұрғын­дардан өз­дерін маза­лаған мәселе­лері жөнін­де сұрады. Ауыл халқы да өз тарапынан ал­ғыс білдіріп, үйме-үй аралап, ақпараттық насихат жұмыстарын жүр­­гізіп жүрген азаматтарға ал­ғысын жеткізді. Сайлауға бел­сенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қыз­мет ететін азаматтарды таңдай­тынын айтты.

«Nur Otan» партиясының Түп­қарған аудандық сайлау қоры қаражатынан төленді.