Өзбек пен қырғыздың арасындағы футбол ойыны жаппай төбелеске ұласты
Өзбек пен қырғыздың арасындағы футбол ойыны жаппай төбелеске ұласты
5,223
оқылды

Мәскеу орталығындағы бейнекамералардың біріне Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген мигранттардың арасындағы жаппай төбелес түсіп қалды.

Оқиға орнына келген полицейлер төбелестің футбол ойынынан кейін өрбігенін анықтаған. Мигранттар әуесқой футбол кездесуінде кім мықтыны анықтаған.Алайда ойын барысында тараптардың бір ойыншысы ережені өрескел бұзған көрінеді. Ойын соңында осы мәселені шешу үшін кездескен мигранттар қырғын төбелесті бастап жіберген.

Нәтижесінде Мәскеу полициясы 17 ер азаматты ұстап, әкімшілік протокол толтырды. Зардап шегіп, медициналық қызметкерлердің көмегіне ешкім жүгінбеген. «Труд» басылымының мәліметінше ұсталған 17 азамат Мәскеудегі «Жилищник» бюджеттік мекеменің аула сыпырушылары болып тіркелген.

https://youtu.be/4GjJ6gY_6d8