Қазақстанға ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қазақстанға ұшып келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды
199
оқылды
13 желтоқсанда Қазақстан аумағына тиісті анықтамасыз ұшып келген 481 жолаушы ПТР-тестілеуден өтіп, нәтижесінде олардың алтауынан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде 2 жолаушы Ыстамбұл – Алматы рейсімен, 4 жолаушы Нұр-Сұлтанға Шарм-эль-Шейх қаласынан (Египет) ұшып келген. 475 жолаушының ПТР-тестілеуі теріс нәтиже көрсетті. Еске сала кетейік, 13 желтоқсанда Қазақстан аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей, Украина, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 20 халықаралық әуе рейсімен 2 734 жолаушы келген. 2 253 адамда ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болса, 481 адам анықтамасыз келген. Олардың бәрі – Қазақстан азаматтары.