Ержан Максим Польша мен Қазақстанда жеке концерт береді
Ержан Максим Польша мен Қазақстанда жеке концерт береді
238
оқылды

Eurovision Junior 2019 байқауының екінші орын жүлдегері Ержан Максим Польша мен Қазақстанда жеке концерт беретін болды. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында әншінің анасы Гүлмира Әлібек айтты.

«Концерт туралы ұсыныс Польша елшілігінен түсті. Әзірге бұл мәселені жан-жақты қарап жатырмыз. Халық Ержанның өнерін жоғары бағалап отыр. Шамамен 2020 жылдың наурызына жоспарлап отырмыз. Бұл оның жеке концерті болады. Мұндай шраларды ұйымдастыру оңай емес. Әрине, барлық командамызбен ақылдасатын боламыз», – деді әншінің анасы.

Ержан Максимнің жеке концерті Қазақстанда Орал қаласында өтеді. Концерт жазғы мезгілге жоспарланған.