Қазақстан-Қытай шекарасы екі күнге жабылады
Қазақстан-Қытай шекарасы екі күнге жабылады
5,128
оқылды
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктері 16-17 желтоқсан күндері жабық болады, деп хабарлайды Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) баспасөз қызметі. Өткізу пунктері 18 желтоқсанда жұмысын қайта бастайды.
«МКК тасымалдаушылардан өз жоспарларын аталған шектеулерді ескере отырып құруды сұрайды», - делінген ақпаратта.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті экспорттаушылар Қытай тарапымен келісімшарттық міндеттемелерді қайта қарауы қажеттігін ескерткен болатын.