Ұрланған заттар жыл бойы интернет арқылы сатылған
Ұрланған заттар жыл бойы интернет арқылы сатылған
5,176
оқылды

Бір жылдан астам уақыт ішінде қылмыстық топ Бурабайдағы бос коттедждерді тонап, барлығын сайттар арқылы сатқан. Ұрылар 30-дан астам тонау ісімен айналысты деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция күдіктілерді ұстады. Барлық қылмыстар бос тұрған жазғы коттедждерде жасалған, ол үйлердің көбінің иесі Нұр-Сұлтанда тұрады. Ұсталғандардың курорттық аймақ аумағында, атап айтқанда Ақбұлақ, Зеленый Бор ауылдарында және Сүт базасы ауданында жасалған ұрлыққа қатысы бар екендігі дәлелденді.

Тергеу анықтағандай, ұрлықтың барлығын олар негізінен түнде және қолайсыз ауа райында, көшеде адамдар болмаған кезде жасаған. Күдіктілер танымал интернет-сайттарда қылмыстық жолмен алынған тұтыну тауарларын сатып келген.

«Аталған факті бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері ҚР ҚК 262-бабының 1-бөлігі «Ұйымдасқан топты құру, басқару, қылмыстық ұйым құру және оған қатысу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Ұстау шарасы Бурабай ауданында жүргізілді», – деп хабарлады Ақмола облысы ПД-нің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ұрланған заттарды сатқандар да анықталды.