Жалақыдан жалақыға дейін өмір сүретіндер саны қанша?
Жалақыдан жалақыға дейін өмір сүретіндер саны қанша?
191
оқылды

Қазақстандықтардың жартысынан көбі жалақыдан жалақыға дейін өмір сүреді. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ИMЭП) сарапшысы Камила Ковязина айтқан. Ол бұл пікірін «Қазақстандықтардың тұтынуы: оптимистік статистика немесе күйзеліс сигналдары» тақырыбындағы сараптамалық пікірсайыс барысында мәлімдеді, – деп жазады ҚазТАГ.

«Респонденттердің 58%-ы жалақыдан жалақыға дейін өмір сүреді. Көптеген қазақстандық отбасылардың жиынтық табысы 50 мыңнан 200 мыңға дейін, орташа жалақы 43 404 теңге (яғни қазақстандықтардың 50%-ы осы мөлшерден аз табады – ҚазТАГ). 2017 жылдан бастап экономиканың қатаң қыспағында өмір сүретін адамдардың үлесі 9% -ға өсті», - деді Ковязина.

Сонымен қатар, респонденттердің 43%-ы өз табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсайды, бірақ соған қарамастан әрбір үшінші отбасы тамақтануға ақшасын үнемдейді.

«Бұл теріс көрсеткіш. Дамыған елдерде, әдетте, кірістің 15% -дан аспайтын бөлігі тамаққа жұмсалады. Егер кірістің жартысы тамақтануға жұмсалса, онда киімге, ойын-сауыққа жетпейді, демек, оларды тұтыну өте тарылған. Демалыс – бұл қазақстандықтардың ең бірінші үнемдейтін қаржысы, респонденттердің 70%-ы үйден тыс демалыстан ақша үнемдейді, тіпті кино мен кафелерге баруға да ақшасы жоқ», – дейді сарапшы.

Сонымен бірге зерттеуші табыс деңгейінің төмендігіне байланысты қазақстандықтардың жинақтау мүмкіндігі жоқ екенін айтты.